Атырау, 22 шілде 13:29
 дождьВ Атырау +31
$ 469.59
€ 536.22
₽ 5.96

Молдова парламенті Василе Тофан бастаған жаңа үкіметті мақұлдады

111 рет қаралды

Молдова парламенті президент Майя Санду ұсынған Василе Тофан бастаған жаңа үкіметке сенім вотумын білдірді, деп хабарлайды АА.

Үкіметтің құрамы мен бағдарламасы үшін 101 депутаттың 53-і дауыс берді.

Тофанның кандидатурасын Санду негізін қалаған «Әрекет және ынтымақ» (PAS) партиясының депутаттары қолдады, ал басқа партиялар қарсы шығып, дауыс беруге қатыспады.

Жаңа премьер-министр Василе Тофан 2029 жылға қарай бюджет тапшылығын 2%-ға қысқартуды және кірістерді 2%-ға арттыруды мақсат ететінін мәлімдеді.

Бағдарламасын таныстыру барысында ол қаржы және сот жүйесін реформалауға басымдық беретінін атап өтті. Сонымен қатар, мемлекеттік кәсіпорындарға басшыларды билік партиясының қолдауымен тағайындауға қарсы екенін айтты.

Приднестровье мәселесіне тоқталған Тофан Кишинев бұл аймақпен бейбіт жолмен жақындасуға мүдделі екенін жеткізді. Ол сондай-ақ Гагауз автономиясына барып, жергілікті өкілдермен кездесетінін хабарлады.

«Гагауз автономиясы Түркиямен маңызды көпір орнатуға үлкен әлеуетке ие. Бұл әлеует толық пайдаланылмай отыр. Осы аймақ арқылы біз Түркиямен жақындай аламыз. Басқа жолды көріп тұрған жоқпын», – деді Тофан.

Сонымен бірге ол Гагауз автономиясы Молдованың бір бөлігі екенін және ел заңдарын сақтауы тиіс екенін баса айтты.

Парламент төрағасы Игорь Гросу Тофанды құттықтап, жаңа кабинетке табыс тіледі.

Жаңа үкімет құрамы: 

10 министр өз орнында қалды, ал 4 министрлікке жаңа адамдар тағайындалды.

  • Сыртқы істер министрі – Михай Попшой

  • Қорғаныс министрі – Анатолие Носатый

  • Экономика және цифрландыру министрі – Евгений Осмокеску

  • Инфрақұрылым және аймақтық даму министрі – Владимир Боля

  • Ішкі істер министрі – Даниела-Мисаил Никитин

  • Энергетика министрі – Дорин Юнгиету

  • Білім және зерттеу министрі – Дан Перчун

  • Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі – Наталья Плугару

  • Әділет министрі – Владислав Кожухарь

  • Қоршаған орта министрі – Георгий Хайдер

Жаңа тағайындаулар:

  • Қаржы министрі – Виктория Белоус

  • Денсаулық сақтау министрі – Александру Гашнаш

  • Ауыл шаруашылығы және азық-түлік өнеркәсібі министрі – Раду Мустяцэ

  • Мәдениет министрі – Дан Суручану

Василе Тофан 1982 жылы Молдовада туған. Роттердамдағы Эразм университетінде мемлекеттік басқару бойынша бакалавр дәрежесін, АҚШ-тағы Гарвард бизнес мектебінде бизнес-әкімшілік магистрін алған.

2006–2010 жылдары Нидерландтағы түрлі компанияларда жұмыс істеген, кейін Молдовадағы кәсіпорындарда қызмет атқарған. Кәсіпкер ретінде Молдованың ЕО-ға интеграциясын қолдайды. 2025 жылы «Еуропа 2028» атты азаматтық қозғалыс құрған.

2025 жылдың қарашасынан премьер-министр болған Александру Мунтяну 2026 жылғы 3 шілдеде отставкаға кетіп, үкімет құлады. Президент Майя Санду Тофанды жаңа премьер-министр ретінде ұсынды. Мунтяну PAS партиясымен терең келіспеушіліктерге байланысты қызметінен кеткені айтылды.

Бүгін, 12:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.