
Атырау облысында прокурорлар мүлік салығына қатысты ауқымды алаяқтық деректерін анықтады. Кәсіпкерлер мемлекетке жүздеген миллион теңге салық төлемеу үшін өздеріне тиесілі ғимараттардың ауданын төмендетіп көрсеткен.
Схема қалай жұмыс істеді
Атырау облысы прокуратурасының мәліметінше, кейбір салық төлеушілер декларация тапсыру кезінде салық базасын жасанды түрде азайту мақсатында өз жылжымайтын мүліктерінің көлемі туралы жүйелі түрде жалған мәліметтер ұсынған.
Құқық қорғаушылар жалпы 64 жылжымайтын мүлік нысаны бойынша заңбұзушылықтарды анықтады.
Ғимарат екі есе «кішірейіп кеткен»
Заң бұзушылардың арасында ашықтан-ашық қулыққа барғандар да бар. Мысалы, ірі нысандардың бірінің иесі құжаттарда ғимараттың ауданын 14,7 мың шаршы метр деп көрсеткен, ал іс жүзінде оның нақты көлемі 28,8 мың шаршы метрді құраған.
Тек осы бір нысанның өзінен тапқыр кәсіпкер бюджетке 8,5 миллион теңгеден астам салықты кем төлеген.
Прокуратураның араласуының арқасында өңірлік бюджетке жалпы жины 250 миллион теңгеге жуық жасырылған салық косымша есептеліп, өндірілді.
В Атырау +31