
2026 жылдың басынан бері ҰҚК Шекара қызметі жалған немесе бөтен құжаттармен Қазақстан аумағына кіруге жасалған 200 әрекеттің жолын кесті.
Құқық бұзушыларды көбіне қай жерде және қалай ұстаған?
Арнайы қызмет мәліметінше, заңсыз кірмек болғандар көбіне жалған визаларды пайдаланған немесе басқа адамдардың жеке деректері көрсетілген құжат бланкілерін қолданған.
Шекара қызметі мұндай фактілердің басым бөлігі:
- мемлекеттік шекараның оңтүстік бөліктерінде;
- халықаралық әуежайларда (әуе бағыттарында) анықталғанын мәлімдеді.
ҰҚК жалған құжаттарды анықтау жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп жатқанын атап өтті. Айта кетейік, өткен 2025 жылдың ішінде шекарашылар осындай 661 құқық бұзушылықтың жолын кескен.
Бұл қандай жауапкершілікке әкеледі?
ҰҚК Шекара қызметі шекарадан өту кезінде бөтен немесе жалған құжаттарды пайдалану жай ғана әкімшілік құқық бұзушылық емес, ауыр қылмыс екенін еске салды.
Мұндай әрекеттер үшін Қазақстан заңнамасында қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.
В Атырау +31