
Ресейде ең ірі маркетплейстердің бірі Wildberries компаниясының логистикалық орталықтарына шабуыл жасалды. Бұл ақпаратты компанияның негізін қалаушы Татьяна Ким растады, деп хабарлайды BBC.
Не болды?
Оқиғалар түнде компанияның Краснодар және Невинномысск (Ставрополь өлкесі) қалаларындағы қоймаларында болған.
Жергілікті билік органдарының мәліметінше, логистикалық нысандарға жасалған шабуыл салдарынан сегіз адам зардап шеккен. Оқиға орнында қызметкерлерді шұғыл эвакуациялау ұйымдастырылған.
Компанияның реакциясы
Маркетплейс басшысы Татьяна Ким болған жағдайға қатысты өзінің Telegram-арнасында пікір білдіріп, шабуыл фактісін және қызметкерлер арасында зардап шеккендер бар екенін растады.
«Бүгін түнде біздің Краснодар мен Невинномысскідегі логистикалық орталықтарымызға шабуыл жасалды. Жедел эвакуация жұмыстарын жүргізген командаға алғыс айтамын. Өкінішке қарай, зардап шеккендер бар. Біз оларға барлық қажетті көмекті міндетті түрде көрсетеміз», — деп жазды Ким.
Компания әзірге қоймалардың өзіне келген зақымның сипаты және онда болған тауарлардың жағдайы туралы нақты мәлімет бермеді.
В Атырау +31