Атырау, 22 шілде 12:15
 дождьВ Атырау +31
$ 469.59
€ 536.22
₽ 5.96

Қазақстандықтар жаппай Грузиядан депортацияланып, оларға елге кіруге тыйым салынды

66 рет қаралды
сурет: minval.az
сурет: minval.az

Грузия көші-қон заңнамасын бұзған шетел азаматтарын елден шығару бойынша ауқымды операция жүргізді. Депортацияланғандардың қатарында Қазақстан азаматтары да бар, деп хабарлайды lada.kz.

Не болды?

Грузия Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, соңғы бірнеше күнде құқық қорғау органдары көші-қон талаптарын бұзып, елде заңсыз жүрген 102 шетел азаматын анықтап, елден шығарған. Олардың барлығы Грузияда рұқсат етілген мерзімнен артық болған.

Депортацияланғандардың қатарында Қазақстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Әзербайжан, Ресей, Түркия, Үндістан, Пәкістан, Қытай, Таиланд және басқа да мемлекеттердің азаматтары бар.

Қандай салдары болады?

Рейд барысында ұсталған барлық шетелдіктерге Грузия аумағына қайта кіруге тыйым салынды. Тыйымның нақты қанша мерзімге енгізілгені айтылмаған. Алайда ведомство көші-қон заңнамасының сақталуын қатаң бақылау алдағы уақытта да жалғасатынын мәлімдеді.

Қазақстан азаматтары Грузияға визасыз кіріп, онда 365 күнге дейін (бір жыл) бола алады. Осы мерзім аяқталғаннан кейін шетелдіктер елден шығуы немесе ресми тұруға ықтиярхат рәсімдеуі қажет. Белгіленген мерзімнен асып кеткен жағдайда айыппұл қарастырылған, ал көші-қон заңнамасы өрескел бұзылған жағдайда азаматтар мәжбүрлі түрде депортацияланып, кейін Грузияға кіруге тыйым салынады.

Бүгін, 11:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.