Атырау, 22 шілде 10:44
 дождьВ Атырау +23.3
$ 469.59
€ 536.22
₽ 5.96

​Атырауда көшелердің қайталанған және ескірген атаулары жаңартылады

69 рет қаралды

Атырау қаласы бойынша республикалық ономастика комиссиясына көше атауларын өзгертуге қатысты 11 ұсыныс жолданды. Оның бесеуі – қайталанатын, алтауы идеологиялық тұрғыдан ескірген атаулар.

Жаңартылған көше атаулары:

  • Дендер көшесі - Бәйтерек көшесі
  • Алатау көшесі - Сәйгүлік көшесі
  • Әліби Жангелдин көшесі - Асқар Сүлейменов көшесі
  • Құныскерей батыр өткелі - Жетісу өткелі
  • М. Дулатов өткелі - Сағыз өткелі
  • Б. Момышұлы көшесі - С.Пангереев көшесі
  • Спутник көшесі - Тобыл көшесі
  • Лазо көшесі - Отан көшесі
  • Памир көшесі - Есіл көшесі
  • Геологоразведчиков к.- М.Х.Дулати к.
  • Буровиков к. - Ж.Елебеков көшесі
  • Рабочая көшесі - С.Құбашев көшесі

Ардагерлердің құрметіне аталған көшелер мен өзгерген ауылдың аты

Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай облыста 75 көшеге соғыс ордендерімен марапатталған ардагерлердің есімдері берілді. Бұдан бөлек, Құрманғазы ауданындағы Сафон ауылдық округі мен Сафоновка ауылының атауын Ынтымақ ауылдық округі және Ынтымақ ауылы деп өзгерту туралы ұсыныс та тиісті келісімнен өтті.

Бүгін, 09:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.