
Алматыда алқабилердің қатысуымен өткен сот Таиландтан есірткі контрабандасын ұйымдастырған азаматты кінәлі деп танып, 16 жылға бас бостандығынан айырды.
Тергеу барысында оның халықаралық пошта арқылы гашиш майын елге заңсыз жеткізгені анықталды. Есірткі сәлемдемелердің ішіне жасырылып, туыстары мен таныстарының атына рәсімделген.
Құқық қорғау органдары бірнеше әрекеттің жолын кесіп, 5,7 келіден астам каннабис сығындысын тәркіледі. Бұдан бөлек, сотталушыдан өткізуге арналған есірткі және заңсыз сақталған оқ-дәрі табылды.
Іс бойынша мемлекеттік айыптауды көлік прокуратурасы қолдады.
Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.
В Атырау +29.1