Атырау, 21 шілде 19:56
 дождьВ Атырау +34
$ 470.28
€ 537.53
₽ 5.99

Араздықты қоздырды деп күдіктелген «Ахуал Сегодня» YouTube-арнасының авторы қамауға алынды

172 рет қаралды

«Ахуал Сегодня» YouTube-арнасының авторы, журналист Азамат Омаров араздықты қоздыру бабы бойынша қозғалған қылмыстық іс аясында екі айға қамауға алынды, деп жазады ФБРК.

Астана қалалық Полиция департаменті нақтылағандай, 18 шілдеде сот оны күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Тергеу ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабы («Әлеуметтiк, ұлттық, этностық, нәсiлдiк немесе дiни алауыздықты қоздыру») бойынша жүргізілуде.

Тергеу құпиясына (ҚР ҚПК-нің 201-бабы) сілтеген полиция істің басқа деректерін жария етпеді.

Қорғау тарапының ұстанымы

Адвокат Төлеген Шаиковтың айтуынша, оның қорғауындағы азамат тағылған айыптармен мүлдем келіспейді және жарияланған бейнематериалдарды тек сатира мен әзіл деп санайды.

«Сот қаулысында Омаров өзінің видеоларында Президент, қазіргі билік туралы сатиралық түрде пікір білдіргені, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық саясат мәселелерін қозғағаны көрсетілген. Тергеу нұсқасы бойынша, бұл мысқыл және сыни сөздер халық арасында жағымсыз пікір тудырады», — деп хабарлады қорғаушы.

Бұған дейін не болды

Ұсталар алдында «Ахуал Сегодня» YouTube-арнасынан «Обнуление + мечеть святого Нурсултана» деп аталатын соңғы шыққан видеолардың бірі жоғалып кеткен болатын. «Әділ сөз» құқық қорғау ұйымының мәліметінше, бұл бейнеролик авторлық құқықты бұзу туралы шағымға байланысты өшірілген.

Бүгін, 16:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.