Атырау, 21 шілде 19:45
 дождьВ Атырау +34
$ 470.28
€ 537.53
₽ 5.99

Ұлытау облысы жалақы деңгейі бойынша Қазақстанда көш бастады

90 рет қаралды

Ұлттық статистика бюросының 2026 жылғы I тоқсанға арналған дерегіне сәйкес, өңірдегі орташа айлық жалақы 637,3 мың теңгені құрады.

Бұл республика бойынша орташа көрсеткіштен 192,3 мың теңгеге немесе 43,2%-ға жоғары. Қазақстан бойынша орташа жалақы 445,1 мың теңге деңгейінде қалыптасты.

Жалақы деңгейі бойынша келесі орындарда Атырау және Маңғыстау облыстары тұр. Бұл өңірлерде орташа айлық жалақы тиісінше 610,1 мың және 608,4 мың теңгені құрады.

Одан кейінгі орындарға Астана қаласы, 559,9 мың теңге және Алматы қаласы, 551,6 мың теңге көрсеткішімен жайғасты. Осылайша Ұлытау облысы өзге өнеркәсіптік өңірлерді ғана емес, елдің ірі қалаларын да басып озды.

Өңірдегі еңбекақы деңгейінің жоғары болуы көп жағдайда облыстың өнеркәсіптік бағыт-бағдарымен байланысты.

Ұлытау экономикасының негізін тау-кен металлургия кешені құрайды. Бұл сала білікті кадрларға тұрақты сұраныс қалыптастырып, қызметкерлерге өзге салалармен салыстырғанда жоғары жалақы ұсынады.

Өңір экономикасы мен жұмыспен қамту саласында «Қазақмыс» компаниялар тобы маңызды рөл атқарады. Компания облыстағы ең ірі жұмыс берушілердің бірі саналады.

«Қазақмыс» кәсіпорындары Ұлытау тұрғындарын тұрақты жұмыс орындарымен қамтамасыз етіп, өндірісті дамытып, қолданыстағы нысандарды жаңғырту жобаларын іске асырып келеді.

Бүгін, 16:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.