Атырау, 21 шілде 19:49
 дождьВ Атырау +34
$ 470.28
€ 537.53
₽ 5.99

Threads-те «әскерде зорландым» деп жалған ақпарат таратқан астаналық 3 жылға сотталды

110 рет қаралды

Threads әлеуметтік желісінде әскерде жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшырағанын айтып, ақша жинаған 23 жастағы Астана тұрғынына қатысты сот үкімі шықты. Сот оны алаяқтық жасағаны және көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін кінәлі деп танып, 3 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, ол осы жылдың ақпан айында анонимді түрде жазба жариялаған. Онда әскери қызмет кезінде өзіне зорлық-зомбылық жасалғанын ойдан шығарып, өміріне қауіп төніп тұрғанын айтқан. Сондай-ақ шетелге кету үшін қаржылай көмек сұрап, банк реквизиттерін қалдырған.

Желі қолданушыларының бірі берген шағымнан кейін полиция тексеріс жүргізіп, бұл мәліметтің өтірік екенін анықтады. Белігілі болғандай, сотталған азамат ешқашан әскерде қызмет етпеген.

Күдікті ақша жинау үшін мән-жайдан бейхабар 17 жастағы танысының банк шотын пайдаланған. Екі күн ішінде бұл шотқа 15-тен астам ақша аударымы түскен. Тергеу барысында ұсталған азамат жалған ақпаратты тек қаржы табу мақсатында жариялағанын толық мойындаған.

Осыған байланысты полиция өкілдері азаматтарға әлеуметтік желідегі тексерілмеген ақпаратқа сенбеуге, бейтаныс тұлғаларға ақша аудармауға және тек ресми дереккөздерге сүйенуге кеңес береді.

Бүгін, 15:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.