Атырау, 21 шілде 19:42
 дождьВ Атырау +34
$ 470.28
€ 537.53
₽ 5.99

​Павлодарда мал ұрлығымен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

105 рет қаралды

Павлодар облысында криминалдық полиция қызметкерлері мал ұрлығымен айналысқан қылмыстық топты қолға түсірді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Күдіктілер Май ауданында ұсталды. Олардың көлігін тексеру кезінде қылмысқа қатысты заттай айғақтар табылып, тәркіленді. Арнайы операция барысында мал ұрлығына қатысы бар деген күдікпен екі адам анықталды. Шығын көлемі 1 миллион теңгеден асты.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілердің бірі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір олардың басқа да ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

Павлодар облысы ПД криминалдық полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Азат Құсайынов тұрғындарды мал жаю кезінде сақтық шараларын қатаң сақтауға және күмәнді жағдайлар туындаса дереу полицияға хабарлауға шақырды.

Бүгін, 15:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.