
Қазақстандық блогер Бауыржан Бақытжанұлы үш әйелі мен тоғыз баласымен бірге тұрады. Ол әлеуметтік желілерде отбасының қаржылық жағдайына қатысты айтқан сөздерімен тағы да дау тудырды. Бұл туралы newtimes.kz хабарлады.
Ол жариялаған бейнежазбада: «Біз бақытты өмір сүріп жатырмыз, тек бір ғана мәселе бар — ақша жетіспейді», — деген.
Бұл сөздер Қазнетте сынға ұшырады. Пайдаланушылар көп әйел алудың ислам қағидалары мен қарапайым тұрмыстық жауапкершілікке сәйкес толық қаржылық қамтамасыз етуді талап ететінін еске салды:
«Оған үш әйел емес, үш жұмыс керек!»
«Үш әйелді асырай алмайтын адам оларды алмауы тиіс».
«Исламда екінші және одан кейінгі әйелді тек қаржысы жеткілікті болса ғана алады…»
Көптеген пікірден кейін блогер жауап жазып, сөздерінің контекстен жұлынып алынғанын айтты.
«Менің рилсімді аштықтан қиналып жатқандай етіп көрсеткен. Қаржының жетіспеуі — балалардың көбейіп, мектеп пен балабақшаға барғанынан. Бұрын бизнес ашып, саяхаттап, көп шығындалатынбыз. Қазір үнемдеуді үйрендік. Ақша жетіспеуі қазір әр отбасыда бар шығар», — деді ол.
Сонымен қатар, ол көп әйел алуға қалай келгенін де баяндады. 2017 жылы күніне 4000 теңге жалақымен сатушы болып жұмыс істеп жүргенде, екінші әйел алу туралы ұсынысты бірінші әйелі жасағанын айтты.
Қазақстанда тоқал алу және көп әйелділік тақырыбы уақыт өте қоғамда және мемлекеттік деңгейде талқыланып келеді. Бұған дейін Мәжіліс депутаты Абзал Құспан ресми түрде көп әйел алу заңмен тыйым салынғанымен, іс жүзінде бұл тәжірибе бар екенін айтқан. Оның пікірінше, соңғы жылдары бұл құбылыс отбасылық және діни мәнін жоғалтып, «жас қыздарды қудалауға» айналып барады. Сондықтан мәселені заң жүзінде нақты реттеу қажет.
В Атырау +34