Атырау, 21 шілде 18:15
 дождьВ Атырау +34
$ 470.28
€ 537.53
₽ 5.99

Махамбет Өтемісов​ атындағы БҚМУ ректоры ұсталды

195 рет қаралды

Батыс Қазақстан облысында Махамбет Өтемісов атындағы БҚМУ ректоры Нұрлан Серғалиевтің ұсталғаны хабарланды.

Бұл туралы облыстық қоғамдық кеңес мүшесі, заңгер Бауыржан Ахметжан Facebook парақшасында жазды. Оның айтуынша, ректордың ұсталғаны жөнінде ақпаратты университет қызметкерлері жеткізген.

«Бүгін университет ректоры Нұрлан Серғалиев қызметтік өкілеттігін теріс пайдаланды деген күдікпен ұсталды. Жұмыс орнында тінту жүргізілуде», — деп жазды Ахметжан.

Сонымен қатар, қылмыстық қудалауды Батыс Қазақстан облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі жүргізіп жатқаны айтылды. Автордың дерегінше, тінту ректордың кабинетінде және үйінде өткен.

Нұрлан Серғалиев - облыстық мәслихаттың да депутаты.

Ресми түрде расталмаған ақпаратқа сәйкес, тергеу әрекеттері университетке ғылымды дамытуға бөлінген мемлекеттік қаражаттың мақсатсыз жұмсалуына байланысты болуы мүмкін.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен университет тарапынан ресми түсініктеме әзірге берілген жоқ.

Бүгін, 13:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.