Атырау, 21 шілде 18:15
 дождьВ Атырау +34
$ 470.28
€ 537.53
₽ 5.99

Атырау облысында полиция алаяқтық ісі бойынша үш күдіктіні іздестіруде

201 рет қаралды

Атырау облысында полиция үш адамды алаяқтық жасады деген күдікпен іздестіріп жатыр. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады.

Іздеуде жүргендер:

  • Шыңғысхан Оралбаев (1993 жылы туған). Полиция дерегінше, ол алаяқтық жасағаны үшін іздестірілуде.

  • Ақбөбек Тұрғалиева (1996 жылы туған). Ол да алаяқтық жасады деген күдікке ілінген.

  • Дияр Хайруллиев (2001 жылы туған). Ол да алаяқтық ісі бойынша іздестірілуде. 

Қазіргі уақытта олардың орналасқан жерін анықтау және ұстау үшін жан-жақты жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде.

Полиция азаматтарды іздеуде жүргендер туралы қандай да бір ақпарат болса, мына телефондарға хабарласуға шақырады:

  • 8-707-454-11-15

  • 8-701-304-00-12

  • 8-778-319-27-64

  • 8-775-930-72-99

  • 8-7122-98-21-55 (кезекші бөлім).

Бүгін, 13:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.