Атырау, 21 шілде 18:02
 дождьВ Атырау +34
$ 470.28
€ 537.53
₽ 5.99

Атырау полициясы жол бойындағы жүргізушіге қатысты видеоға түсініктеме берді

Бейнежазба
163 рет қаралды

Атырау облысы Полиция департаменті жүргізушінің әлеуметтік желіде жалған ақпарат таратқанын хабарлады. 

Ол оқиға орнында түсірілген бейнежазбаға қатысы жоқ басқа аудиожазбаны қосып, шындыққа сәйкес келмейтін дерек жариялаған. Осыған байланысты оған әкімшілік хаттама рәсімделіп, іс сотқа жолданды.

19 шілдеде облыс аумағында ірі жүк тиеген автокөлік жол бойында қараусыз қалғаны анықталған. 

Патрульдік полиция қызметкерлері жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін көліктің мемлекеттік нөмірін уақытша шешіп алды. 38 жастағы жүргізушіге ҚР ӘҚБтК-нің 594-бабы 1-бөлігі бойынша хаттама толтырылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар, полиция көліктің жол учаскесінен қауіпсіз өтуіне көмек көрсеткен.

Департамент азаматтарды әлеуметтік желілерде ақпаратты жарияламас бұрын оның шынайылығына көз жеткізуге шақырады. Жалған ақпарат тарату заң бойынша жауапкершілікке әкелетінін ескертті.

Бүгін, 12:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.