Атырау, 21 шілде 17:46
 дождьВ Атырау +32.3
$ 470.28
€ 537.53
₽ 5.99

Түркия ЭЫДҰ елдері ішінде нақты жалақы өсімінде көш бастады

122 рет қаралды

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) «2026 жылға арналған жұмыспен қамту болжамы» есебінде Түркия соңғы бес жылда және биылғы көрсеткіш бойынша нақты жалақы өсімінде ең жоғары нәтижелерге қол жеткізген елдердің қатарында екені айтылды, деп хабарлайды АА.

Есепке сәйкес, 2026 жылдың бірінші тоқсанында Түркияда нақты жалақы орташа есеппен 7,1% өскен. Бұл көрсеткіш ЭЫДҰ елдерінің орташа деңгейінен (2,2%) үш есе жоғары.

2021 жылдың бірінші тоқсанынан 2026 жылдың бірінші тоқсанына дейінгі бес жылдық кезеңде Түркияда нақты жалақының жиынтық өсімі 78,6% болды. Ал ЭЫДҰ елдері бойынша орташа өсім небәрі 4,9% құрады. Осылайша, Түркия ұйымға мүше елдер ішінде ең жоғары жиынтық өсім көрсеткен мемлекет атанды. Түркиядағы бес жылдық өсім ЭЫДҰ орташа көрсеткішінен шамамен 16 есе артық.

ЭЫДҰ баяндамасында еңбек нарықтарында әлсіреу белгілері байқалғанымен, жалпы тұрақтылық сақталып отырғаны айтылды. Алайда аймақтық айырмашылықтар жұмысқа орналасу мен табыс табу мүмкіндіктеріне әлі де айтарлықтай әсер етуде.

Ұйым атап өткендей, соңғы уақытта нақты жалақының қалпына келуі байқалғанымен, көптеген елдерде 2022 жылғы жоғары инфляциядан болған шығын әлі толық өтелген жоқ. Жалақы өсімін тежеп отырған негізгі факторлар – еңбек нарығының қатаңдығының төмендеуі, өнімділіктің баяулауы және геосаяси белгісіздік.

Бүгін, 12:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.