Атырау, 21 шілде 17:46
 дождьВ Атырау +32.3
$ 470.28
€ 537.53
₽ 5.99

Ресей СІМ Украинаны Каспий құбыр консорциумына шабуыл жасады деп айыптады

135 рет қаралды

Ресей Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова Украина Қарулы күштерін Каспий құбыр консорциумына (КҚК) шабуыл жасады деп айыптады, деп хабарлайды АА. 

Оның айтуынша, 17–20 шілде аралығында Оңтүстік Озерейкадағы теңіз терминалында жүк тиеу кезінде консорциум инфрақұрылымына дрондармен «қасақана террористік шабуыл» жасалған. Шетелдік мемлекеттердің туы астында жүрген, халықаралық экипаждары бар кемелер зақымданған, бірақ суға батпаған. Қаза тапқандар мен жараланғандар жоқ, мұнай төгілмеген.

Захарованың сөзінше, бұл – КҚК-ға жасалған бесінші шабуыл. Ол Украина билігін «агрессияға» айыптап, консорциум Ресей, Қазақстан, АҚШ және Батыс Еуропаның ірі энергетикалық компанияларын біріктіретінін атап өтті. «Сондықтан бұл соққылар консорциумға қатысушы мемлекеттердің мүдделеріне қарсы бағытталған», – деді дипломат.

Сонымен қатар, Ресей Италияның әскери атташесін және оның көмекшісін елден шығаратынын жариялады. Захарова бұл шешімнің Римнің әрекеттеріне жауап екенін айтты: «Бұл – жауап шара», – деді ол.

Бүгін, 12:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.