
Осы жазда Атырау тұрғындары мен қонақтары қаладағы бір ғана жағажайда демалуы мүмкін.
Қала коммуналдық меншігінде жеті жағажай бар, ал биыл олардың маусымға дайындалуына бюджеттен 91 млн теңге (ҚҚС-пен бірге 105 млн теңге) бөлінген.
Қала әкімдігінің жауабына сүйенсек, «Малибу» (Жилгородок), «Геолог» және «Балықшы» жағажайларын абаттандыруды жоспарлаған. Тендерді «Qamqor Dayren» қоғамдық бірлестігі жеңіп алған. Алайда ТЖ департаменті қауіпсіздік себептерімен «Геолог» жағажайына рұқсат бермеген, ал жергілікті тұрғындар «Балықшы» жағажайын абаттандыруға қарсы шыққан. Осыған байланысты билік Көкарна ықшамауданындағы «Түбек» жағажайын жабдықтауға шешім қабылдады, қазір ол жерде жұмыстар жүріп жатыр.
Бұдан басқа, қала аумағынан тыс Алмалы, Еркінқала, Атырау және Қайыршақты ауылдық округтерінде орналасқан ресми жағажайлар бар.
Осылайша, Атырауда әзірге тек 3 шілдеде ашылған «Малибу» жағажайы жұмыс істеп тұр. Әлеуметтік желілерде тұрғындар жағажайдың тарлығы мен инфрақұрылымының жеткіліксіздігіне сын айтып, «су лас, орын аз» деп шағымданған. Ал кейбіреулер «қалалық жағажайдың болғанының өзі жақсы» деп пікір білдірген.
Қала әкімдігінің мәліметінше, «Малибу» жағажайын абаттандыруға 31 млн теңге (ҚҚС-пен бірге) жұмсалған.
Лев ГУЗИКОВ
В Атырау +32.5