Атырау, 26 қараша 10:27
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Мақаттың соры – қылмыс

2 209 просмотра

29 қазанда «Жайық-Ақпарат» баспасөз клубында Мақат ауданы әкімі Ерболат ОМАРОВТЫҢ  (суретте) брифингі өтті.

«АЖ» әкімге жуырда редакцияға жолдаған мақаттықтардың бірінің сауалын қойды: аудан орталығындағы қоғамдық монша қашан жұмысын бастайды? Омаров бюджеттік монша жеке меншікке берілгенін, алайда кәсіпкер мұны игере алмағанын айтты. Енді нысанды басқа бизнесменге беру мәселесі шешілуде. Әкімнің айтуынша, монша жыл аяғына дейін ашылады.

Биыл болашағы жоқ деп шешілген Байшонас пен Ескене ауылдарының 2 460 тұрғынын Атырауға көшіргеннен кейін ауданда екі кент пен Бәйгетөбе селолық округы қалды. Жыл басынан бері аудан 50 млрд 223 млн теңгенің өнімін өндірді (көп бөлігі – мұнай). Темір жол арқылы жүк тасымалдау (Мақат - өз локомотив депосы бар ірі торапты станция) 11,7 млрд тоннаны құрады. Қуаттылығы тәулігіне 65 млн текше метр болатын Орта Азия – Орталық газ құбырының 4-ші турбокомпрессорлы цехының құрылысы аяқталды.

«Балапан» бағдарламасының аясында NCOC компаниясының қаржысына 160 орындық балабақша салынды. Доссор кентінде 100 орынға арналған шипажайлық түрдегі балабақша салынып жатыр. 300 орынға арналған Абай атындағы орта мектептің жаңа ғимараты қолданысқа берілді.

Ауданда ауыз сумен нашар қамтылған 98 көппәтерлі тұрғын үй бар. Осыған байланысты Мақат пен Доссор кенттеріндегі сумен қамту жүйелеріне күрделі жөндеу жасау үшін облыстық бюджеттен 103,7 млн теңге қаржы бөлінді. Бұл жобаны 2013 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған. Аудан әкімінің шешімімен көппәтерлі үйлердің барлық пәтерлері жеке газ қазандықтарымен жылытуға көшірілді. Ауданды қысқа дайындау 100%-ға орындалды, - деп мәлімдеді Е. Омаров.

Аудан облыс аумағындағы ең қылмыс көп жасалатын аймақ болып табылады, алайда жыл басынан бері қылмыстың ашылуы небары 16,1%-ды құрады. Әкім қылмыстың өсуін полиция қызметкерлерінің жетіспеушілігімен байланыстырды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

30 қазан 2013, 15:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.