Атырау, 26 сәуір 10:52
 ашықВ Атырау +28
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Мейірімсіз "дедтердің" ордасы

3 038 просмотра

ІІМ Батыс өңірлік әскери-тергеу басқармасының Атырау тобы әскер қатарына жаңадан шақырылған сарбаздардан қорқытып алушылық әрекеті үшін мерзімді қызметтегі шекарашының ұсталғандығын хабарлады.

Қазір ҚР ҰҚК шекаралық қызметінің №2016 әскери бөлімшесіндегі жарғыға сай емес қарым-қатынас фактісін тергеумен атыраулық және ақтөбелік тергеушілер айналысуда. ҚР ҚК-нің 181-бабының 2-тармағы («Күш қолдану арқылы қорқытып алушылық») және 370-бабы («Бiр-бiрiнiң арасында бағыныштылық қатынастары болмаған кезде әскери қызметшiлердiң арасындағы өзара қарым-қатынастардың жарғылық ережелерiн бұзу») бойынша бес қылмыстық іс қозғалды. Іс бойынша бес күдікті мен үш жапа шегуші қатысуда. Күдіктілердің бірі 72 сағатқа қамалды.

Тергеушілердің бірі хабарлағандай, биылғы жылдың тамыз айында №2016 әскери бөлімшенің байырғы әскери сарбаздары «учебкадан» кейін бөлімшеге жіберілген жаңадан қабылданған сарбаздарды «жылы» қарсы алған. Оларды үнемі ұрып-соғып, қорқытып ақша алып, өздерінің ұялы телефондарына бірлік салып тұруға мәжбүрлеген. Көп ұзамай олардың төзімдері таусылып, әскери полицияға шағымданған.

Естеріңізге салсақ, биылғы жылдың тамызында сол шекаралық бөлімшеден үш сарбаз қашып кеткен еді. Кейінірек белгілі болғандай, олар байырғы сарбаздардың тәлкегіне шыдай алмаған екен. Төрт «дедке» қатысты ҚР ҚК-нің 181-ші және 370-баптары бойынша қылмыстық іс қозғалған еді Әскердегі әлімжеттікке шыдамай қашып кеткен»)

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

30 қазан 2013, 09:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.