
Астананың Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновке қатысты істі қарады.
Ол ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 3-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылды.
Сот анықтағандай, Елеусінов алкогольдік масаң күйде көлік жүргізген және астана көшелерімен қозғалу барысында бірнеше жол-көлік оқиғасын жасаған.
Іс материалдары бойынша, жүргізуші алдымен жерасты автотұрағының қақпа тірегіне соққан. Содан кейін ол басқа көлікпен соқтығысқан, одан кейін инерция бойынша тағы бір көлікке соғылған. Кейін Kia Sportage-пен соқтығысу орын алған, ол соққыдан Toyota Hilux-ке соғылған.
ЖКО нәтижесінде көлік құралдарына механикалық зақымдар мен материалдық зиян келтірілген.
Сотта Елеусіновтың кінәсі іс материалдарымен расталғаны атап өтілді. Дәлелдер қатарында — жеңіл дәрежедегі алкогольдік масаңдық анықталған медициналық куәландыру қорытындысы, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар, ЖКО схемалары, бейнежазбалар және қатысушылардың түсініктемесі бар.
Сот отырысында Елеусінов кінәсін толығымен мойындады.
ӘҚБтК-нің 608-бабының 3-бөлігінің санкциясы 20 тәуліктік әкімшілік қамауды және көлік құралын жүргізу құқығынан 7 жылға айыруды көздейді. Бұл бап бойынша жаза баламасыз болғандықтан, сот Елеусіновке дәл осындай жазаны тағайындады.
Бұған дейін 8 шілдеде «Хан Шатыр» Сауда орталығында жол талғамайтын Toyota көлігінің жүргізушісі үш көлік қатысқан екі жол апатын жасап, оқиға болған жерден қашып кеткені хабарланған болатын. Кейінірек полиция қызметкерлері көлікті қуып жетіп, жүргізушіні ұстады.
В Атырау +23.8