
Бұл туралы журналист Михаил Козачков хабарлады.
8 шілдеде «Хан Шатыр» сауда орталығы маңында жол талғамайтын Toyota көлігінің жүргізушісі үш автокөліктің қатысуымен екі рет жол апатын жасап, оқиға орнынан бой тасалаған. Кейін полиция қызметкерлері көлікті қуып жетіп, жүргізушіні құрықтады.
Ресми расталмаған ақпарат бойынша, көлік тізгінінде 35 жастағы бокстан Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов болған. Ол медициналық куәландыруға жіберілді.
Елорданың Полиция департаменті оқиғаның болғанын растады, бірақ жол-көлік оқиғасына кінәлі адамның аты-жөнін жарияламады.
В Атырау +21.1