AZATTYQ.ORG «Жезқазғанның «жиһадшылары» кімдер?» - «Сириядағы жиһадшы қазақстандық топ» туралы видеоға түскендердің бірнешеуі Жезқазған қаласынан болып шықты. Азаттық тілшісі олардың діни ортасы мен көзқарасын зерттеп көрді.
«Адам құқығын сақтаудың балама тұжырымдамасы жасалды» - Адам құқықтарының Қазақстан бюросының басшысы Евгений Жовтис «Қазақстан үкіметі адам құқығына қатысты дұрыс позиция ұстамайды» дейді. Ол адам құқығын сақтаудың балама тұжырымдамасын ұсынады.
AIKYN.KZ «Қазақтың несиесі кімнің несібесі?» - Несие қамытын сүйреткендер бізде де көп. Мәселен, Саяси шешімдер институты жуырда мынадай қызық мәліметті алға тартты. Елдегі тұрғындардың жартысына жуығы, яғни 45,7 пайызы несиеге байланған.
«Мемлекеттік университеттер жекешелендіріледі» - Үкімет отырысында Білім және ғылым министрі А.Сәрінжіпов осындай мәлімдеме жасады. Жақында білім беру саласының басшысы ауысқаны мәлім, ал жаңа басшының өз жаңалықтарымен келетіні де анық.
«Қаржы жегендер жазланады» - Бюджет қаржысын ұрлау кезінде алаяқтық жасады деген айыппен Масанова және Әбдіқұлов бірнеше жылға бас бостандықтарынан айырылды.
ABAI.KZ. «Қазақстан - Қазақ елі» - Кеңпейілді, адамгершілікке негізделген саясат пен мемлекетқұрушы ұлт – қазақтардың сабырлығы, бейбітшіл, қонақжай мінезінің арқасында елімізде бейбітшілік орнап, саяси тұрақтылық қалыптасып, дамуға қол жеткіздік.
ALASHAINASY.KZ. «Ипотеканы иіре алмадық, жалдамалы пәтерді жарылқаймыз ба?» - Осы уақытқа дейін бірқатар елдер «мәселенің мәнін келтіреміз» деп тұрғын үй саласына көптеген жаңашылдық енгізіп келді.
«Қазақты лотереяға қызықтыра аламыз ба?» - Спорт және денешынықтыру істері агенттігі Қазақстандағы лотерея нарығын қолға мықтап алмаққа ұмтылады.
BAQ.KZ «Шетелден әкелінген сиырлар шынымен асылтұқымды ма?» - Еліміз мал шаруашылығын дамытудың дұрыс жолына әлі түсе алмай отыр. Шенеуніктер жергілікті ірі қараның саны мен сапасын арттырудың орнына шетелден асылтұқымды ірі қара әкелгенді жөн көреді.
JASQAZAQ.KZ «Ұшты, ұшты, баға ұшты» - Отандық фармацевтика өндірісі соңғы 15 жылда 3 есе өсті. Елімізде дәрі-дәрмек шығаратын 80 мекеме жұмыс жасайды. Болжам бойынша, 2014 жылы елімізде қолданылатын дәрі-дәрмек өнімінің 50 пайызын отандық өнім құрауы тиіс.
«Салық анық болсын» - Негізі, қосымша салық мәселесі әлем бойынша талайдан бері даулы болып келе жатқан мәселе.