Атырау, 7 шілде 17:00
 дождьВ Атырау +32.4
$ 472.03
€ 540.29
₽ 6.11

​Монакодағы шулы іс: бизнесменге қастандық жасады деп айыпталған күдіктінің Киев түбінен сүйегі табылды

70 рет қаралды

Монакода бизнесмен Вадим Ермолаевқа қастандық жасады деген күдікпен Интерпол іздеу салған Украина азаматшасы Киев облысында өлі күйінде табылды, деп хабарлайды Би-би-си.

Әйелдің оқ тиген мәйіті 6 шілде күні кешкісін Киев маңынан табылған. Ресми түрде қаза тапқан адамның аты-жөні жарияланбағанымен, құқық қорғау органдарындағы дереккөздер оның «Монако ісі» бойынша басты күдікті екенін нақты айтып отыр.

29 маусымда Монакода жарылыс болып, одан украиналық бұрынғы кәсіпкер Вадим Ермолаев пен оның отбасы мүшелері ауыр жарақат алған болатын (бизнесмен Украинада санкцияға ілінген). Монако билігі бұл қастандықты ұйымдастырушы ретінде 39 жастағы Украина азаматшасы Анастасия Березовскаяға халықаралық іздеу жариялаған еді.

Тергеу мәліметтері бойынша, күдікті бір жылдан астам уақыт — 2025 жылдың наурызынан бастап Украинадан тыс жерде жүрген және өлімінен бірнеше күн бұрын, яғни 2026 жылдың 1 шілдесінде отанына оралған.

Күштік құрылымдардың ізі 

Бұл оқиға әйелді өлтірді деген күдіктілер қолға түскеннен кейін күтпеген бағытқа бұрылды. Украиналық басылымның дереккөздері хабарлағандай, жедел іздестіру шаралары барысында құқық қорғаушылар екі ер адамды ұстаған.

Ұсталғандардың бірі Украина Қорғаныс министрлігі Бас барлау басқармасының (ГРУ) қазіргі офицері болып шықса, екіншісі — құқық қорғау органдарының бұрынғы қызметкері. Басты күдіктінің көзін жою себептері қазір анықталып жатыр.

Бүгін, 15:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.