AZATTYQ.ORG «”Ағайынды жиһадшылар” мен тағы бір ерлі-зайыпты» - «Сирияға қоныс аударған қазақстандық жиһадшы топ» туралы видеоға түскен тағы бірнеше қазақстандықтың туыстары Азаттыққа хабарласты.
«Ауған проблемасын қарумен ғана шешу мүмкін емес» - Келесі жылы Батыс коалициясы әскері Ауғанстаннан кетуі тиіс. Бұдан Қазақстанға келер қандай қауіп бар? Қазақстанның Кабулдағы елшісі Өміртай Бітімов осы жайында Азаттыққа сұхбат берді.
«Грибаускайте: Украина Ресейден қысым көріп отыр» - Литва президенті Даля Грибаускайте Азаттыққа сұхбатында Еуропа Одағымен тығыз байланысты көздейтін «Шығыс серіктестік» ұйымына мүше алты ел «өздеріне пайдалы істерді» атқарып жатқанын айтады.
ZHASALASH.KZ «“Айдағаны бес ешкi, ысқырығы жер жарған” “Нұр Отан”» - Тәуелсiздiктi қорғау, мемлекеттiк тiл мәселесi, рухани құндылықтар сияқты тақырыптарды қамтыған доктринадан гөрi жиын әдеттегiдей президенттiң атына мақтау сөздер айтудан “ұлы жарысқа” құрылғандай.
«Кедендiк одақтың “iшi кеуiп” барады» - Қазанның 24-i күнi Минскiде өткен Жоғарғы еуразиялық экономикалық кеңестiң отырысы осыны көрсеттi. Орайы келген тұста орыс тарапын оңдырмай сынап жiберетiн А.Лукашенко бұл жолы Н.Назарбаевтың “шаңына” да iлесе алмады.
MASA.KZ. «Дін және мемлекет қатынасы өтпелі жел емес...» - Қазақстан Республикасы ата заңында дін реалды құбылыс ретінде танылмаған, яғни қабылданбаған.
ABAI.KZ. «”Гүржі арманы” орындалды» - Гүржі елінде болып өткен президент сайлауының қортындысында коалициялық үкіметтің үміткері Георгий Маргвелашвили жеңіске жетті. Сөйтіп «Гүржі арманы» партиясы билікке келді.
«Түріктер балаларымызды бұрып әкетпей ме?» - Өз жерімізде, өз ырқамызбен қазақ- түрік деп қосанжарлатып отырғанымыз қай «кеңпейілдігіміз»?
«Алаштың айтулы тұлғалары Дон қабірістанында жатыр...» - Москва қаласы Дон қабірстанындағы Алаштың қос арысы Әлихан Бөкейханов пен Нығмет Нұрмақов жерленген орынға ескерткіш-тақта орнатылғанына тура екі жыл уақыт болыпты.
HALYKSOZI.KZ. «Шетелдіктер қазақ балаларының қан тазалығына қызығады» - Бұл тек әлеуметтік проблема ғана емес, сондай-ақ мемлекеттің қауіпсіздігіне де ықпал ететін мәселе, қазақ халқының ар-ожданы, намысы, ұяты, қасіреті.
BAQ.KZ «Теріс діни ағымдардың ортақ белгілері» - Жат діни ағымдарды дәстүрлі діндерден айыра білу – зайырлы қоғам жағдайында діни сауаттылық деңгейінің басты өлшемінің бірі болып табылады.
MAIDAN.KZ. «“Ұлтыңды төмен санау өзіңді қорлаумен тең”» - Көкпарды дамыту арқылы жылқы баптау өнерінің де аясын кеңейтуге болады. Өкінішке қарай, бүгінгі таңда бізде бұл өнер кенжелеп қалды.