Атырау, 30 маусым 16:21
 дождьВ Атырау +23.1
$ 485.82
€ 554.03
₽ 6.24

Жангелдиндегі отбасы қырғыны: прокуратура Сәрсемалиевке жаңа айыптар тақты

Сурет Бейнежазба
112 рет қаралды

Тергеу бірқатар қылмыстық іс эпизодтарының саралануын қайта қарап, олардың кейбіріне тағылған айып ауырлай түсті, ал кейбір қылмыстарға жаңа құқықтық баға берілді.

Бүгін, 30 маусым күні Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында мемлекеттік айыптаушылар айыпталушы Сұлтан Сәрсемалиевке қосымша жаңа айыптар тағылғанын хабарлады. 

Ең маңызды өзгеріс бұрынғы қайын атасы Мақсот Қарабалин мен қайын енесі Нәсіп Өтешқалиеваны өлтіру эпизодтарына қатысты болды. Бұл бұрынғы қайын ағасы Наурыз Мұқанғалиевты өлтіргенін жасыру үшін сондай қылмыстық іс-әрекеттерге екінші рет барғаны үшін сондай жаңа айып тағып отыр. 

Ал қайын апасы Мейрамгүл Қарабалинаны өлтіргені үшін де айыптау өзгерді. Бұл жерде Мейрамгүлдің психикалық және физикалық жағдайда дәрменсіз күйде болғаны, оның ақыл-есінің кемістігі мен аяғының ақсаңдауына қарамастан оны өлтіруге барғандығы ескерілген. Осыған байланысты айыптауға жаңа саралаушы белгілер де қосылды. Адам өлтіру бабы бойынша басқа тармақтар өзгеріссіз қалған.  

Бұдан бөлек, тергеу бірқатар басқа қылмыстардың да саралануын өзгертті. Мүгедектігі үшін алып отырған жәрдемақы мен зейнетақыларды интернет кеңістігінде ақпараттық жүйе арқылы жымқыру қылмысы интернет-алаяқтық деп кері сараланды. Сонымен қатар, жәбірленушілердің малын сату бойынша бастапқыда алаяқтық бабы бойынша сараланған айып “мал ұрлығы” болып өзгертілді.

Сондай-ақ, айыптау актісі бойынша Сәрсемалиевтың жазасын жеңілдететін мән-жайлар алынып тасталды. Мұның алдында оның қылмыс жасағанын мойындап, өкініш білдіргені және кәмелетке толмаған бес баласы бары айтылған.

Айыптау актісі оқылып болған соң судья Зарема Хамидуллина Сұлтан Сәрсемалиевтен жаңа айыптар бойынша бәрі түсінікті ме деп сұрады. Сәрсемалиев не өзгергенін нақтылады. 

Осыдан соң жәбірленушілер адвокаты Шынар Нұрмұратқызы 2022 жылы Махамбет аудандық Ақбаян Мұқанғалиеваның неке бұзу туралы талап-арызы бойынша бойынша қаралған сот шешімін оқуды сұрады. Судья рұқсат етті. Өзі шешімді оқыды. Онда Ақбаян отбасына жасалған опасыздықтан соң некені бұзу туралы шешімге келгенін алға тартқан.

Сот шешімін оқу кезінде одан басқа Ақбаянның күйеуі некеге адал болмауы себепті бірге өмір сүрудің мәнісін, болашақ көріп тұрмағанын айтқан. Онымен “тіл табысып отбасы болып тұра алмайтынын”айтып, неке бұзуды сұраған. Сәрсемалиев талап-арызбен келісіп, талап қанағаттандырылып, неке бұзылған.

Адвокат осыдан соң судьядан аталған сот шешімін іс материалына тіркеуді сұрады. Судья адвокаттың өтінішін қанағаттандырды.

Еске салайық, Сұлтан мен Ақбаян 2016 жылы некеге отырған. Араларында неке бар кезде төрт бала дүниеге келген. Кейін бесінші баланы ажырасқан соң туған. Бесінші баласына аяғы ауыр кезде Ақбаян қатты ауырып, ауруханаға түскен. Баласын ауыр халде босанып, есін жиған кезде ақыл-есінде ауытқушылық пайда болғаны байқалған.

Адвокат сот процесінен соң 2022 жылы Ақбаянның психикалық жағдайы тұрақты болғанын журналистерге астын сызып ескертті.

Келесі сот отырысы 7 шілдеге белгіленді. Онда Сәрсемалиевтен жаңа айыптарды мойындайтыны-мойындамайтыны, қайта жауап бере ме, әлде бұрын берген жауабында қала ма, осы жайттар және тараптардың сұрақтары қаралады.

Айнұр САПАРОВА
Суреттер мен видеоны
 түсірген автор

Бүгін, 15:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.