
Бүгін Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында прокурор Жангелдин ауылындағы бүтін бір отбасын өлтірді деп айыпталып отырған Сұлтан Сәрсемалиевтің ісі бойынша айыптаулардың толық тізімін атады.
Тергеу нұсқасы бойынша, Сәрсемалиевке келесі баптармен айып тағылуда:
- — ҚР ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігі бойынша — Наурыз Мұқанғалиевті өлтіргені үшін;
- — ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігі бойынша — Наурыз Мұқанғалиевтің жеке заттарын ұрлағаны үшін;
- — ҚР ҚК-нің 384-бабы 2-бөлігі бойынша — Наурыз Мұқанғалиевтің жеке куәлігін жымқырғаны үшін;
- — ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі 1-тармағы бойынша — Наурыз Мұқанғалиевтің атына несие ресімдегені үшін;
- — ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі 4-тармағы бойынша — Наурыз Мұқанғалиевтің зейнетақы аударымдарын алғаны үшін;
- — ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі 4-тармағы бойынша — алдап, Наурыз Мұқанғалиевтің атынан 350 мың теңге алғаны үшін;
- — ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігі 1, 13-тармақтары бойынша — Нәсіп Өтешқалиева мен Мақсот Қарабалинді өлтіргені үшін;
- — ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі 2-тармағы бойынша — Нәсіп Өтешқалиева мен Мақсот Қарабалиннің жеке заттарын ұрлағаны үшін;
- — ҚР ҚК-нің 384-бабы 2-бөлігі бойынша — Мақсот Қарабалиннің, Нәсіп Өтешқалиеваның және Мейрамгүл Қарабалинаның жеке куәліктерін жымқырғаны үшін;
- — ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігі 5, 13-тармақтары бойынша — Мейрамгүл Қарабалинаны аса қатыгездікпен өлтіргені үшін;
- — ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі 2-тармағы бойынша — Мейрамгүл Қарабалинаның жеке заттарын ұрлағаны үшін;
- — ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі 4-тармағы бойынша — алаяқтық жолмен мал сатқаны үшін;
- — ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі 4-тармағы бойынша — Мейрамгүл Қарабалинаның, Мақсот Қарабалиннің және Нәсіп Өтешқалиеваның зейнетақы аударымдарын алғаны үшін.
Бұған дейін сотта Сәрсемалиев қаза тапқандарға көптеген пышақ жарақатын салғанын мойындаған, бірақ Наурыз Мұқанғалиевтің өлімін қасақана емес абайсызда болды деп атаған еді.
Айнұр САПАРОВА
Суретті түсірген автор
В Атырау +24.4