Атырау, 19 желтоқсан 02:55
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

«Назарбаев Кеден Одағына қатысты Ресейді сынады». «Иран консерваторлары АҚШ-пен араз күйді қалайды». «Қазақ елінің байлары кімдер?». «Шындықты шырылдата бермелік!». «Тіл жөнінде мәселе көтеру – біздің елде абырой жиюдың ең оңай түрі».

2 420 просмотра

AZATTYQ.ORG  «Сарапшылар Назарбаевтың Ресейді «сынауын» сынайды» - Қазақстан президентінің «Кеден Одағындағы Ресейдің басымдылығы» жөнінде айтқан пікірін сарапшылар «кешіккен сын» және «жұртты алдарқату» деп сипаттайды.

«Назарбаев Кеден Одағына қатысты Ресейді сынады» - Қазақстан президенті Минскіде өткен Еуразиялық экономикалық кеңес жиынында Ресейдің интеграциялық процестерді саясиландырып отырғанын сынады.

«Рахмонның командасын «плагиатшы» деп айыптады» - Тәжікстанда президент сайлауы науқаны қызған шақ. Елдің қазіргі президенті Эмомали Рахмонның сайлау штабы мүшесі танымал саясаткерлердің сөздерін көшіріп алғаны үшін сынға ілінді.

«Сарапшылар сайлаудың нәтижесіне алаңдайды» - 27 қазанда Грузия жаңа президентін таңдайды. Михаил Саакашвилидің он жыл бойғы билігі аяқталған соң елде маңызды конституциялық өзгерістер болуы ықтимал.

«Иран консерваторлары АҚШ-пен араз күйді қалайды» - Ирандағы консерватор саясаткерлер Америкаға өшпенділігінің негізді екенін дәлелдеу үшін президент Хассан Роуханидің бастамаларына қарсы шықты.

MAIDAN.KZ.  «”Гүлжан – шоуды” “Гүлжан – шоу” қылған кімдер?» - Қазақ зиялыларының Гүлжан Ерғалиевадан басқа шаруасыжоқ па? Оған тиесілі ақпарат құралы жабылып қалып еді, қазақтың бүкіл шаруасы соған тіреліп қалғандай ұлардай шулады.

«Қазақ елінің байлары кімдер?» -  Әйгілі «Forbes» журналы Қазақстандағы 2013 жылдың ең ықпалды, беделді, бай бизнесмендердің рейтингісін жариялады. Тізімге еліміздің 60 кәсіпкері таңдалып, ішінен іскерлігі мен байлықтары бірінен-бірі өткен 50 бай-бағлан іріктеліп алынған.

«Шындықты шырылдата бермелік!» - Кеңес Одағының ыдырағаны «ой еркіндігі», «сөз бостандығы» деп аталатын қасиетті ұғымның өңін айналдырғыштарға жол ашты.

AIKYN.KZ  «”Кәрі” көлікпен қоштасуға міндеттемек» - Соңғы төрт жылда елімізде темір тұлпар мінушілер 5 есе көбейіпті. Соған сай сатылған көлік саны да артқан. Егер автокөлік саудасы осы бағыттан таймаса, онда 2020 жылға дейін Қазақстан нарығында 2 млн автокөлік сатуға болатын көрінеді.

«Салымшылардың қаржысы қалай инвестицияланады?» - Зейнетақы қаражаттары Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің инвестициялық басқаруымен жұмыс жасай бастады.

HALYKSOZI.KZ.   «Асқар ұйқысынан енді оянғандай...» - Бізде қызық. Үлкені бар, кішісі бар шенеуніктің қай қайсысы болсын, жоғарыдан нұсқау болмай бір нәрсені өз бетімен істеуді қойғалы қашан.

«Бұл жиһад, қандай жиһад?» - Жиһад жасаймыз деп Сирияға қоныс аударған 150 қазақ жайлы ақпарат құралдары бірінен соң бірі айтып жатыр. Ал қауіпсіздік пен тыныштықтың кепілі бола білерлік құзырлы орындар жақтан ақпарат там-тұмдап қана шығады.

«Тіл жөнінде мәселе көтеру – біздің елде абырой жиюдың ең оңай түрі»- Бүгінде Қазақстанда Ұлт патриоты болу өте оңай. Тіл, дін, діл деген тақырыптарды көтерсек болды патриотпыз деп ойлайды. Тіл жөнінде мәселе көтеру – біздің елде абырой жиюдың ең оңай түрі.

ALASHAINASY.KZ. «Жемқор шенеуніктер креслоны түсінде ғана көретін болады» - Президент тапсырмасына сәйкес, Бас прокуратура жыл басынан Қылмыстық кодекстің жаңа редакциясын жазуға кіріскен-ді.

SERKE.ORG.  «Қажыгелдиннің күзетшілері Рахат Әлиевтің қыр соңына түсті» - Қазақстанның экс-премьері Әкежан Қажыгелдиннің күзетшілері  - Петр Афанасенко мен Сәтжан Ыбраев шетелде қашып жүрген Рахат Әлиев жөнінде куәлік беруге дайын.

28 қазан 2013, 09:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.