Атырау, 19 желтоқсан 02:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

«”Сириядағы жиһадшының” тағы біреуі анықталды». «Мәмбеталин “бүйректен сирақ шығарып” жатыр». «Балаңды қаңғытпа, қазақ!». «Әлемдік Үкіметтің бары рас па?». «Енді шетелге қашқандардың мал-мүлкі тәркіленеді».

1 840 просмотра

AZATTYQ.ORG  «”Сириядағы жиһадшының” тағы біреуі анықталды» - Азаттық «Сириядағы жиһадшы топ» ретінде видеоға түскен қазақтардың тағы бірінің кім екенін анықтады. Видеоға қатысты көбейе түскен сауалдарға арнайы қызметтердің толық жауабы жоқ.

«”Бульдозер”, я “Қарындаш”кандидаттар да бар» - Ауғанстанда келер жылы сәуірде өтетін президент сайлауы кандидаттары символдарын таңдады. Ол белгілердің арасында қарындаш, бульдозер, радио да бар.

«Оғаш видеосы шыққан тәжік молда сотқа тартылды» - Молданың туыстары мен әйелі Иброхимовты қорғайды. Олар әйелді «молданың басын айналдырды, азғырды» деп айыптады.

MASA.KZ. «Мәжіліс темекі мен ішімдік акцизін, көлік пен мүлік салығын көбейтуді мақұлдады» - «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР заң жобасын екінші  оқылымда мақұлдады.

SERKE.ORG.  «Мәмбеталин “бүйректен сирақ шығарып” жатыр» - Мәмбеталиннің айтуынша, Мұхтар Шахановты құрылтайды қолдауға, оған қатысуға өзі үгіттеп көндіріпті.

ZHEBE.COM  «Кедендік одақтан көлеңкелі бизнес сұрадық па?» - Соңғы мәліметтер бойынша, елімізде көлеңкелі экономика ЖІӨ-нің 20%-ын құрады. Турасын айтсақ, қаржы айналымы көп мөлшерде мемлекет назарынан тыс қалған. Бұл өз кезегінде экономикаға қауіп төндірді.

«Балаңды қаңғытпа, қазақ!» - Жалпы, қазақстандықтардың Сирия жеріне барып, сол жақтағы ішкі қақтығыстарға қатыса бастағандығы туралы ақпараттар біраз бұрын тараған-ды.

«Күрд террористері түркияға қайта кірмек ниетте» - Күрд қарулы топтарының басшысы Түркия билігін өздерін алдап отыр деп есептейді. Сол үшін жазда Түркиядан шығарылған  күрд қарулы топтарын Анадолыға қайта кіргізбек.

ALASHAINASY.KZ. «Арандатушы ақпараттан құтылу үшін не істеу керек?» - Ғаламшардағы ақпарат атаулыға қолжетімділік артқан сайын адамзаттың жүйкесі жұқарып, санасын үрей билей бастады.

AIKYN.KZ  «”Әлемдік Үкіметтің” бары рас па?» - Әлемді билейтін «үш жүз» немесе масоньдық топтар жөнінде бүгінгі күні жиі айтылады. Тіпті оларды «жалпақ дүниенің қожасы» деп те жатады. Кім білсін... Мүмкін емес дүниенің өзі мүмкінге айналған заман ғой.

«Қазаққа қауіпті ас көбейді» - Бүгінде ас төңірегінде әңгіме көбейді. Той түгілі қазір қара жамылған үйлерде де көңіл айта келгендерге ас та төк дастарқан жайылатын болды.

«Енді шетелге қашқандардың мал-мүлкі тәркіленеді» - Тағы бір жаңалық: елді және экономиканы «сорып», миллиардтар жинайтын, артынан қылмыстары ашылғанда, шетелге тұра қашатын олигархтардың мал-мүлкі сотсыз-ақ тәркіленетін болады.

«Интернеттегі жеке құпияларды сақтау мүмкін бе?» - Ресейде қабылданғалы жатқан интернет қолданушыларын бақылауға мүмкіндік беретін арнайы құжат әлем назарын өзіне аудартып отыр.

BAQ.KZ  «Журналистер пара алады ма?» -  «Қазіргі кезде қоғамда парақорлық жайлады», «пәлен деген шенеуніктің парақорлығы әшкереленді» деп журналистер осы бір кесірлі кесел туралы елге айқай салып, дабыл қағып жатады. Ал сол журналистердің өздері парақорлық дертінен ада деп ойлайсыз ба?

25 қазан 2013, 09:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.