Атырау, 2 желтоқсан 01:07
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 511.22
€ 540.05
₽ 4.73

«”Сириядағы жиһадшының” бірі – Аманжол Жансеңгіров». «Сегіз боксшы жартылай финалға шықты». «Мамытбековтiң “модный” сиырлары аспанда ажал құшты». «“Қазақ көшiн кейiнге қалдыруға да, тоқтатуға да болмайды”». «Біздің өнер тойдың деңгейінен аса алмай жатыр».

2 113 просмотра

AZATTYQ.ORG  «”Сириядағы жиһадшының” бірі – Аманжол Жансеңгіров» - Астана маңындағы Максимовка ауылының тұрғындары «Сириядағы қазақ жиһадшылары» жайлы шулы видеодағы адамдар арасынан жерлестері Аманжол Жансеңгіровті таныды.

«Ауылдастары «жиһадшы» Жансеңгіров жайлы айтпайды» - Жансеңгіровтың туыстары «оны Сирияға алдап әкеткен» дейді.

«Сегіз боксшы жартылай финалға шықты» - Ереже бойынша жартылай финалға шыққан боксшы кем дегенде қола медаль алады. Осы ережеге сүйенсек, қазірдің өзінде Қазақстан құрамасында сегіз жүлде бар.

ZHASALASH.KZ   «Мамытбековтiң “модный” сиырлары аспанда ажал құшты» - Бұл оқиға онсыз да абырой-беделi оңып тұрмаған Асылжан Мамытбековке оңай соқпайтын секiлдi.

«“Қазақ көшiн кейiнге қалдыруға да, тоқтатуға да болмайды”» - Өз елiне, Отанына оралғысы келетiн қазақтардың құқығын шектейтiн заң жобасын керi қайтаруды сұрап Алматыда бiр топ танымал азаматтар арнайы баспасөз жиынын өткiздi.

MASA.KZ. «ҰҚК Сириядағы азаматтардың санына күмән келтіруде...» - Ақпараттарға қарағанда, араб уағызшыларының артынан еріп, басын өлімге тігіп Сирияға аттанғандардың арасында Жезқазған, Сәтбаев пен Қостанайдан бөлек Оңтүстік пен Батыс өңірінің тумалары бар.

«Біздің өнер тойдың деңгейінен аса алмай жатыр» - PR ұғымының қазақи тілге ғана емес, қазақи ортаға да еніп үлгеруі заман талабы болар. Алайда оны  толық қанды сіңіріп кеттік деп айта алмаймыз. Тіпті осы саланы зерттеп жүргендердің өзі Қазақстанда  PR  бар ма, жоқ па деген сауалға екі ұшты ой кешеді.

MAIDAN.KZ.  «Неге сүйсініп, неден сескендім?..» - Нән партия нөкерлері бас қалада тағы да бас қосып, төс қағыстырып, кеңқолтық кеңес құрды. Ұзынқұлақтың ақпары бойынша, жиылған ығай мен сығай 1200 кісіге жетіп-жығылады дейді...

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

24 қазан 2013, 14:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.