Атырау, 15 маусым 15:23
 дождьВ Атырау +31.5
$ 489.33
€ 566.30
₽ 6.74

Атырау – Индер жолындағы жол апатынан екі адам қаза тапты

103 рет қаралды

Бұған дейін «АЖ» облыс орталығын Индермен байланыстыратын жолда көлік аударылғаны туралы хабарлаған болатын.

Атырау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 13 маусым күні сағат 08:50 шамасында Атырау-Индер тас жолының 19 шақырым тұсында Toyota Alphard автокөлігі көлікті басқару жүйесін игере алмай, жол жиегіне аударылып қалған.

Салдарынан екі жолаушы оқиға орнында қаза тауып, екі адам түрлі дене жарақатын алған. Қазіргі уақытта тиісті іс-құжаттар жинақталуда.

Полиция қызметкерлері азаматтарды алыс сапарға шығар алдында көлік құралдарының техникалық жарамдылығын тексеруге, жолда қырағылық танытуға, көлік басқару кезінде ұялы телефон пайдаланбауға, белгіленген жылдамдық режимін сақтауға шақырады.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Бүгін, 12:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.