Атырау, 15 маусым 12:33
 дождьВ Атырау +28.5
$ 489.33
€ 566.30
₽ 6.74

Ваучерлік жүйе: Атырауда 1 шілдеден бастап балабақшаларға қабылдау өзгереді

76 рет қаралды
Сурет: Өңірлік коммуникациялар қызметі
Сурет: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Атырау облысында 1 шілдеден бастап балабақшаларға балаларды ваучерлік жүйе арқылы қабылдау басталады. «Индиго» ақпараттық платформасы арқылы жүзеге асатын бұл процесті Өңірлік коммуникациялар қызметі мәлімдеді. Қазіргі уақытта аймақта 2 жастан 6 жасқа дейінгі 5 мыңға жуық бала мектепке дейінгі ұйымдардың кезегінде тұр.

Жаңа жүйенің қамту аясы өңірде айтарлықтай кеңейіп келеді. Бүгінгі таңда облыстың жеті ауданындағы 110 балабақша жаңа жүйе бойынша жұмыс істеуде, олардың 104-і мемлекеттік, ал 6-уы жекеменшік ұйымдар болып табылады. Ал Атырау қаласының өзінде ваучерлік қаржыландыру жүйесіне 47 мемлекеттік және 124 жекеменшік балабақша қосылып үлгерді.

Бұл жоба аясында мемлекеттік және жекеменшік балабақшалар бірыңғай қаржыландыру тетігімен қызмет көрсетеді. Ваучерлік жүйенің басты ерекшелігі сол – мемлекеттік тапсырыс нақты бір балабақшаға емес, тікелей баланың өзіне беріледі. Осы арқылы ата-аналар өздеріне ыңғайлы балабақшаны емін-еркін таңдап, ваучерді сол ұйымға бағыттау мүмкіндігіне ие болады.

Реформаның мақсаты мен оның тиімділігі туралы білім саласының мамандары оң пікір білдіріп отыр.

«Мектепке дейінгі ұйымдарда ваучерлік қаржыландыру бойынша пилоттық жоба былтыр енгізілді. Ал биыл наурыз айынан бастап «Ақша баланың соңынан ереді» қағидаты негізінде жоба облыстың барлық аудандарында толық іске қосылды. Бұл өз кезегінде білім беру ұйымдары арасындағы бәсекелестікті арттырып, қызмет сапасын жақсартуға мүмкіндік береді», — деді Атырау облысы Білім беру басқармасының бас маманы Гүлсім Гильманова.
Бүгін, 10:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.