Атырау, 13 маусым 13:57
 дождьВ Атырау +30.8
$ 489.33
€ 566.30
₽ 6.74

Құлсарыдағы жанармай құю бекетіндегі ​жарылыс ісі бойынша үкім шықты

102 рет қаралды

Жылыой аудандық соты Құлсарыдағы жанармай құю бекетінде болған жарылысқа байланысты қылмыстық іс бойынша үкім шығарды. Бұл оқиғада ерлі-зайыптылар қаза тапқан еді.

Еске салсақ, қайғылы жағдай 2024 жылдың 30 мамырында Құлсарыдағы Махамбет даңғылында орналасқан «Ниет» жанар-жағармай құю бекетінде орын алған. Жарылыс салдарынан ерлі-зайыптылар көз жұмды. Төрт бала ата-анасыз қалды, олардың бірі сол кезде кәмелетке толмаған болатын. Бұған дейін «Ақ Жайық» басылымы трагедияның мән-жайы мен тергеу барысы туралы егжей-тегжейлі жазған еді.

Сот деректеріне сәйкес, «Ниет ЛТД» ЖШС директоры жарылыс қаупі бар нысанда қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін кінәлі деп танылды. Оның әрекеті екі адамның абайсызда қаза болуына әкелген. Іс ҚР Қылмыстық кодексінің 281-бабының 3-бөлігі бойынша қаралды.

Сот айыпталушыға 3 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сонымен қатар, жәбірленуші тараптың азаматтық талаптары қанағаттандырылды. Қаза болғандардың балаларына моральдық зиян үшін әрқайсысына 10 миллион теңгеден өтемақы өндірілді.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ және тараптар заңда белгіленген тәртіппен шағымдана алады.

Айгүл МАНСУРОВА

Бүгін, 12:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.