Атырау, 14 шілде 09:57
 дождьВ Атырау +24.4
$ 477.11
€ 545.58
₽ 6.20

​Турдың ақшасын төлеп, демалыссыз қалды: Ақтөбеде алаяқтық ісі тергеліп жатыр

767 рет қаралды
ЖИ көмегімен жасалған сурет
ЖИ көмегімен жасалған сурет

Ақтөбеде туристік агенттік басшысы жасаған алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр.

Қалалық полиция басқармасының хабарлауынша, алдын ала мәлімет бойынша, агенттіктің 37 жастағы басшысы туристік сапарларды ұйымдастыру және жолдамаларды сату сылтауымен клиенттерден ақша қабылдаған, бірақ өзіне алған міндеттемелерді орындамаған.

Салдарынан азаматтар төленген турларынан да, ақшалай қаражаттарынан да айырылып қалды.

Бүгінгі таңда полицияға 70-тен астам зардап шегуші арызбен жүгінген. Келтірілген материалдық шығынның жалпы сомасы 32 миллион теңгеден асады.

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда. Тәртіп сақшылары оқиғаның мән-жайын, сондай-ақ зардап шеккендердің ықтимал санын анықтап жатыр. Қажетті тергеу іс-шараларының кешені жүргізілуде.

Полиция аталған туристік агенттіктің әрекетінен зардап шеккен болуы мүмкін азаматтардан Ақтөбе қаласы полиция басқармасының №1 полиция бөліміне мына мекенжай бойынша хабарласуды сұрайды: Ақтөбе қаласы, 11-шағынаудан, 51А. Сондай-ақ ақпаратты тұрғылықты жері бойынша ең жақын полиция бөліміне хабарлауға болады.

Полиция қызметкерлері азаматтарға туристік қызметтерді сатып алу кезінде компаниялардың беделін, қажетті құжаттардың бар-жоғын мұқият тексеруді, келісімшарт шарттарын егжей-тегжейлі зерделеуді және төлемді тек растаушы құжаттарды алғаннан кейін ғана жүргізуді ұсынады.

12 маусым, 11:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.