Атырау, 12 маусым 16:41
 дождьВ Атырау +31.6
$ 487.76
€ 562.39
₽ 6.75

Жылыой ауданындағы шаруалар қолайсыз ауа райынан мыңдаған қойынан айырылды

142 рет қаралды

Жылыой ауданында ауа райының салдарынан мыңдаған қой қырылып қалды. Құлсары қаласынан 100-120 шақырым жердегі малшылар көп зардап шекті. 

Оқиға маусымның 2-3-інде болған. Екі күн бойы селдетіп жауған жаңбырдың арты бұршаққа айналған. Ауа райының күрт бұзылуы шаруаларды тығырыққа тіреді. "Желтау", "Сарырарқа" учаскесіндегі 11 шаруа қожалығының 1 мыңға жуық қойы қырылып қалды. 

- Жаңадан қырқылған қойлар табиғаттың бұл құбылысына шыдас бермеді. Ауданның басқа өңірінде мұндай шығын болған жоқ. Сол жақта ғана ауа райы күрт бұзылып, малдан шығын болды. Өлген малдар көмілді,-дейді "Атырау облысы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының Жылыой аудандық ветеринариялық станса" ШЖҚ КМК басшысы Нұрболат Өрбісінов. 

Ауданда бұл күнде төтенше жағдай жарияланған жоқ. Енді шаруаларға өлген малдары үшін өтемақы төлеу қарастырылмағаны айтылуда. Ал табиғаттың салдарынан тау болып үйіліп, арам қатқан малдардың өтеуінің болмауына шаруалар наразы күйде. 

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Бүгін, 14:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.