
Индер ауданы Елтай ауылының далалығында өрт кешкі сағат 19.00-де өшірілді. Шамамен 50 гектар жер тып-типыл өртеніп кетті.
- Биыл жауын-шашынның жиі түсуінен өсімдіктер жақсы шыққан. Малға құнарлы қоңырбас көп. Өрттің неден шыққаны белгісіз. Жалынды ауыздықтауға 40-шақты ерікті, мекемелерден техника қатысты. Көршілес Есбол, Ынтымақ, Индерден көп адам көмекке келді. Зардап шеккендер жоқ, мал, жан аман. Далалықта жүрген әр адам қауіпсіздікті сақтаса дейміз. Өйткені, күн ыстықта сақтанбаса болмайды, - дейді Индер ауданы әкімінің орынбасары Артур Мурзин.
Жағдайды бақылау үшін түнгі кезекшілік ұйымдастырылды.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА
В Атырау +25.2