Атырау, 3 маусым 15:31
 дождьВ Атырау +21.8
$ 493.15
€ 574.17
₽ 6.77

​Ақтөбе әкімі аппаратының бұрынғы басшысы алаяқтық үшін сотталды

60 рет қаралды

Ақтөбе қаласы әкімі аппаратының бұрынғы басшысы Нұрсұлтан Исембайұлы алаяқтық бабы бойынша кінәлі деп танылып, үш жылға бас бостандығынан айырылды.

Бұл туралы Kazinform хабарлады.

Үкім сотта жарияланды. Осыдан кейін сотталған азамат тікелей сот залында күзетпен қамауға алынды.

Сот Нұрсұлтан Исембайұлыны ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы бойынша кінәлі деп танып, жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтеумен үш жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Сондай-ақ сот зардап шегушінің азаматтық талап-арызын ішінара қанағаттандырды. Сотталған азаматтан 3 млн теңге материалдық шығын, ал заңды өкілдің пайдасына 1,5 млн теңге өндіріп алу белгіленді.

Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Исембайұлы мемлекеттік қызмет саласында жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айырылды.

Іс сотқа 2024 жылдың желтоқсанында түскен болатын. Бұрынғы шенеунікке алаяқтық, яғни алдау немесе сенімді асыра пайдалану жолымен бөтеннің мүлкін ұрлау немесе бөтеннің мүлкіне құқықты иемдену айыбы тағылды.

Бұған дейін, 2025 жылдың сәуір айында Ақтөбе әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушы Нұрсұлтан Исембайұлы сот шешімімен ақталған еді.

Алайда кейінірек прокуратура бірінші инстанция сотының шешіміне шағым түсірді. Нәтижесінде бұрынғы шенеунік кінәлі деп танылып, нақты мерзімге сотталды.

Бүгін, 14:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.