Атырау, 27 тамыз 10:33
 дождьВ Атырау +16.9
$ 458.87
€ 535.09
₽ 5.42

​Атырау – Астрахань трассасында автобус, жүк көлігі және жеңіл көлік соқтығысты

570 рет қаралды

Атырау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 24 мамыр күні сағат 16:00 шамасында трассаның 555-шақырымында болған.

Оқиғаға YUTONG ZK маркалы автобус, MAN TGX жүк көлігі және ВАЗ-2111 жеңіл көлігі қатысқан.

Апаттың ауыр сипатына және үш бірдей көліктің қатысуына қарамастан, зардап шеккендер жоқ.

Қазір полиция қызметкерлері қажетті материалдарды жинап, оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр. Департамент жүргізушілерге жол ережесін сақтап, қауіпсіз жылдамдықты таңдауға және жолда мұқият болуға шақырды.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

1 маусым, 10:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.