Атырау, 26 сәуір 23:32
 ашықВ Атырау +25
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

«Шетелдегі бес миллион қандастың құны көк тиын болғаны ма?». «Қазақстанға "түркімен сценариі" жарамауы мүмкін». «Гастарбайтерлер «гәккулетіп» жүрмей ме?». «Бизнестің қаржысын бас пайдасына жарататын басшылар бар».

1 839 просмотра

ULT.KZ.  «Шетелдегі бес миллион қандастың құны көк тиын болғаны ма?» - Соңғы жылдары шеттегi қандастардың елге оралуын түрлi кедергiлер арқылы қиындатқан қазақ үкiметi бұл жолы қазақ көшiн мүлде тоқтататын түрi бар.

AZATTYQ.ORG  «Қазақстанға "түркімен сценариі" жарамауы мүмкін» - Джордж Вашингтон университетінің зерттеушісі Шон Робертс Азаттыққа Қазақстандағы саяси мұрагерлік пен биліктің алмасуына қатысты сұхбат беріп, Назарбаев пен Ататүрікті салыстыру мүмкіндіктерін сөз етті.

«Қуат нарығындағы өзгерістер - Ресейге уайым» - Ресейдің мұнайы мен газын алатын Еуропа шикізат терминалын ашты. Ал Қытай Орталық Азия елдерімен энергетикалық келісім-шарттар жасасып, АҚШ мұнай өндіруге көшті.

«Шетелдік пен азаматтың арасындағы статус» - Сенатта қаралып жатқан «еңбек көші-қоны» туралы заң бойынша оралмандар квотасы жойылып, оларға тұрғын үй мен шаруашылық жер учаскелері және оңайлатылған несие берілуі мүмкін.

«Жұмыссыздықпен күреске миллиардтаған қаржы бөлінеді» - Жұмыспен қамту бағдарламаларына бюджеттен қыруар қаржы бөлінетініне қарамастан, жастар арасында жұмыссыздық әлі көп. Жас мамандарға жалақысы тәуір жұмыс табу қиын.

NAMYS.KZ. «АҚШ-қа Ислам қалай келді?» - Жалпы Солтүстік Америка жеріне мұсылмандардың қоныс аударуының алғашқы легі африкалықтармен тығыз байланысты екені белгілі.

ALASHAINASY.KZ. «Гастарбайтерлер «гәккулетіп» жүрмей ме?» - Еліміздегі ең бір өзекті мәселе жұмыссыздық екені белгілі. Талай жанның жігерін құм еткен бұл кедергіден құтылу да қиынға соғып тұр.

«Мүмкіндігі шектеулі баланы неге шеттейміз?» - Орта білім беру мектептерінде мүмкіндігі шектеулі балаларды оқушылармен бірге оқыту бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып отыр.

SERKE.ORG.  «Тіркеуден өтпеген діни ұйымдарды жойып жатыр» - Қазақстанда қайта тіркеуден өтпеген діни ұйымдарды сот арқылы жою жыл соңына дейін аяқталады, деп мәлім етті ҚР дін істері жөніндегі агенттік төрағасының орынбасары Марат Әзілханов.

AIKYN.KZ  «ЭКСПО-2017: Жеңімпаз анықталды» - ЭКСПО-2017 көрме кешенi жобасының үздiк эскиз-идеясына жарияланған халықаралық байқау қорытындысында АҚШ-тың «Adrian Smith+Gordon Gill Architecture» деген компаниясы жеңімпаз деп жарияланды.

«Кітапхана көрмеген ғалым шықса таң қалмаңыз» - Бүгінгі таңда еліміздегі жоғары оқу орындарында кітапханаға бір рет те бас сұқпай, диплом алып жатқан жастар бар. Себебі олар өздеріне қажет ақпаратын, материалын ғаламтордан алып отырмыз деп санайды.

«Бизнестің қаржысын бас пайдасына жарататын басшылар бар» - Еліміздегі кәсіпкерлік нысандарына құзырлы органдар тарапынан жыл сайын шамамен 100 мыңдай тексеру жүргізіледі екен. Ағымдағы жылдың өзінде оның 10 мыңдайы тиісті заң талаптарын бұза отырып іске асырылғаны анықталды.

BAQ.KZ. «Арал маңының тарихи ерекшеліктері» - Сыр өңірі бүкіл түркі әлемінің абызына айналған Қорқыт баба, атақты Әйтеке би, бүкіл Орта Азияға әйгілі қолбасшы, Самарқанның әміршісі Жалаңтөс БаҺадүр, Жанқожа, Бұқарбай, Тоғанас батырлар туған жер.

SHYN.KZ. «Қазақ балаларына қазақша мультфильмдер керек» - Бүгiнгi талдырмаш бала қазақтың әдет-ғұрып, салт-дәстүрiн аңыз-ертегi кiтаптар мен мультфильмдерден оқып, көрмесе қайдан алмақ?

 

 

 

23 қазан 2013, 09:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.