Атырау, 22 мамыр 12:08
 дождьВ Атырау +22.3
$ 471.45
€ 547.21
₽ 6.63

​Атырау полициясы өзге өңірлерден қосымша күш тартылғанын растады

160 рет қаралды

Атырау облысында 21-23 мамыр аралығында «Тоқта-заңбұзушылық» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр. Осыған байланысты өңірдегі тәртіпті күшейту үшін Атырауға Астана қаласынан, Қарағанды және Қостанай облыстарынан полиция қызметкерлері келді.

Атырау облыстық Полиция департаментінің хабарлауынша, аймақта полицияның кешенді және тартылған қосымша күштерінің бірыңғай гарнизондық таратылымы (саптық тексерісі) өтті. Ресми нұсқа бойынша, бұл күшейту шаралары құқық бұзушылықтың алдын алуға, қоғамдық тәртіпті және жол қозғалысы қауіпсіздігін тиісті деңгейде қамтамасыз етуге бағытталған.

Ведомство өкілдері бұл операция аймақтағы «криминогендік жағдайды сауықтыруға», заңбұзушылықтар деңгейін төмендетуге және азаматтардың құқықтық мәдениеті мен санасын арттыруға септігін тигізуі тиіс екенін мәлімдеді.

Атырау облысы ПД бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Құттыбай Садықов барлық бөлімшелердің өзара іс-қимылын үйлестірудің және қызмет барысында заңдылықты қатаң сақтаудың маңыздылығын ерекше атап өтті.

Полиция таратқан мәліметте көрсетілгендей, бұл күндері құқық бұзушылықтардың алдын алуға, түрлі арандатушылықтарға жол бермеуге және қоғамдық тәртіпті бұзатын кез келген әрекеттерге жедел әрі дер кезінде үн қатуға басты назар аударылады.

Бүгін, 09:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.