Атырау, 21 мамыр 19:59
 дождьВ Атырау +33.8
$ 471.77
€ 547.25
₽ 6.60

​​Исатай ауданында 10 көпқабатты үйге күрделі жөндеу жүргізіледі

74 рет қаралды

Аққыстау ауылындағы 10 көпқабатты тұрғын үйді жаңғырту жоспарланып отыр. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Жоба аясында үйлердің қасбеті жаңартылып, шатырлары толық ауыстырылады. Қазіргі уақытта жобалық-сметалық құжаттама дайындалуда. Мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынып, қаржы бөлінгеннен кейін жөндеу жұмыстары биыл басталмақ.

Сонымен қатар кіреберістер жөнделіп, аулалар абаттандырылады. Демалыс орындары жасақталып, қоқыс жәшіктері орнатылады. Үйлердің жылу жүйелері мен электр желілері де жаңартылмақ.

Аудандық ТҮКШ және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Нұрбол Жампейісовтің айтуынша, бұл жұмыстар «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында жүзеге асырылады.

Мақсат — тұрғын үй инфрақұрылымын жақсартып қана қоймай, тазартылған аумақтардың қайтадан ластануына жол бермеу.

Бүгін, 18:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.