Атырау, 11 маусым 04:53
 дождьВ Атырау +20.8
$ 488.59
€ 564.37
₽ 6.79

Атырауда тұрғын үйдегі өрт кезінде бала құтқарылды

Бейнежазба
472 рет қаралды

Нұрсая ықшам ауданындағы алты қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатындағы пәтердің балконында өрт шықты.

Оқиға орнына жедел жеткен Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері жалынды дер кезінде сөндіріп, оның пәтерге таралуына жол бермеді.

Қатты түтін салдарынан төртінші қабаттағы пәтерден 2019 жылы туған бала баспалдақ арқылы сыртқа шығарылды.

Сонымен қатар 45 адам, оның ішінде 15 бала өздігінен эвакуацияланды.

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

21 мамыр, 15:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.