Атырау, 21 мамыр 16:05
 дождьВ Атырау +32.9
$ 471.77
€ 547.25
₽ 6.60

ТЖМ тікұшағы Құрманғазыдан Атырауға екі пациентті шұғыл жеткізді

Бейнежазба
100 рет қаралды

Атырау облысында ТЖМ тікұшағы шұғыл медициналық тасымалдау жасады.

Құрманғазы ауылынан 1966 және 1968 жылы туған екі азамат шұғыл медициналық көмекке мұқтаж болып, «Қазавиақұтқару» тікұшағымен облыс орталығына жеткізілді.

Дәрігерлердің кәсіби әрекеті, экипаждың үйлесімді жұмысы және әуе бортының техникалық дайындығының арқасында пациенттер мамандардың білікті көмегін алу үшін Атырауға аман-есен жеткізілді.

ТЖМ ұшқыштарының жедел әрекеті қысқа мерзімде өмірді сақтап қалуға мүмкіндік беріп, жедел жәрдем жүйесінің маңызды бөлігі болып қала беруде.


Бүгін, 14:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.