
«Атырау – Шымкент» бағытына тіркелу кезінде Түркістан облысының 34 жастағы тұрғыны әуежай қызметкерлеріне сөмкесінде тапанша бар деп айтқан.
Тексеру барысында оның жанында ешқандай қару жоқ екені анықталды. Соған қарамастан, ер адам рейстен алынып, ұсақ бұзақылық бабы бойынша әкімшілік хаттама жасалды.
Атырау станциясындағы көліктегі полиция бөлімі хабарлағандай, іс материалдары Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды.
Айнұр САПАРОВА
В Атырау +32