Атырау, 23 шілде 08:48
 дождьВ Атырау +23.3
$ 467.65
€ 533.26
₽ 5.96

​Атырауда ер адамға көліктен от шашу қолданғаны үшін айыппұл салынды

479 рет қаралды

Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында азамат У.-ға қатысты іс қаралды.

Ол 2026 жылғы 10 мамырда түнгі сағат 01:19 шамасында «Chevrolet Cobalt» автокөлігінен от шашу атып, бөлінбеген жерде пиротехникалық бұйымдарды қолданған.

Бұл әрекет ҚР ӘҚБтК‑нің 436-бабының 2-бөлігіне сәйкес құқық бұзушылық болып саналады.

Сотта оның кінәсі хаттама, бейнежазба және басқа материалдармен дәлелденді. 

Жауаптылықты жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ. 

Нәтижесінде сот У.-ды кінәлі деп танып, құқық бұзушылықтың сипатын және оның мінез-құлқын ескере отырып, 86 500 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салды.

Қаулы әзірге заңды күшіне енген жоқ.

20 мамыр, 17:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.