Атырау, 20 мамыр 16:10
 дождьВ Атырау +31.2
$ 471.93
€ 548.43
₽ 6.61

Ақтөбе облысында​ сот Атырауда болған жол апаты үшін өтемақы өндірді

108 рет қаралды

Темір аудандық соты жол‑көлік оқиғасынан келген материалдық шығынды өндіру туралы азаматтық істі қарады.

Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлағандай, апат Атырау қаласында болған.

Сот анықтағандай, жауапкер К. көлік жүргізу кезінде жол қозғалысы ережесін бұзып, талапкер Б‑ның автокөлігімен соқтығысқан.

Апат салдарынан көлік иесіне материалдық шығын келтірілген. Жауапкердің ЖЖЕ бұзғаны әкімшілік іс материалдарымен расталды.

Шығын мөлшері сотқа ұсынылған бағалау актісімен белгіленді. Жауапкер бұл құжатқа қарсылық білдірмеді, ал сот оны дәлел ретінде қабылдады.

Белгіленген мән‑жайларды ескере отырып, сот талапкердің талабын қанағаттандырды.

Жауапкерден 2 391 937 теңге материалдық шығын өндірілді. Енді ол сот шығындарын өтеуі тиіс.

Бүгін, 14:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.