Атырау, 10 маусым 17:04
 дождьВ Атырау +31.4
$ 490.21
€ 566.93
₽ 6.81

Атырауда әйелден 160-қа жуық психотроптық дәрі алынды

Бейнежазба
271 рет қаралды

Атырауда 28 жастағы әйел адамнан заңсыз сақталған психотроптық дәрілер тәркіленді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Облыстық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы №2 учаскелік полиция пунктінің инспекторларымен бірге жүргізген жедел іс-шара барысында күдіктіден 159 құты «Тропикамид» препараты табылды.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 301-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция қоғамға қауіпті психотроптық заттардың заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылатынын ескертеді.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу барысына қатысты қосымша ақпарат жарияланбайды.


20 мамыр, 11:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.