ZHASALASH.KZ «“Жиһадшылап шетелде жүр талай қазақ баласы...”» - Шамамен 150 қазақ – ана сүтi аузынан кеппеген балалар, жасөспiрiмдер, әйелдер мен еркектер “Ливантеде жиһад жасап, парызын өтеу үшiн” өз елiн тастап шығыпты.
«Тоқпақ болған Тоқаев едi» - Қасым-Жомарт Тоқаевтың Сенат төрағалығына қайтып келуi билiктiң ауысуы жайындағы әңгiменi қайта қоздатты.
«Мәлiмдеудiң астарындағы мойындау» - Бас-аяғы бiрер аптаның iшiнде Н.Назарбаев бiрнеше мәлiмдеме жасады. Тiптi көпшiлiк қазақ президентiнiң қай жерде не дегенiн көңiл таразысынан өткiзiп үлгере алмай қалған сияқты.
«Халықтан да, демократиядан да безген көкек партия дамыған отыз елден оза шаппақ» - Аз ғана жылда “Нұр Отан” партиясы 250 филиалы, 6 300 бастауыш ұйымы бар алып ұйымға айналды.
«Дәрiгердiң жаманы ауыру қосады» - Қазақстанда қаптаған реформалар мен “жаңалықтардан” көз ашпайтын саланың бiрi – медицина саласы.
AZATTYQ.ORG «Ресейде түрмедегілердің төрттен бірі шығарылмақ» - Ресей президенті жанынан құрылған адам құқықтары бойынша кеңес Владимир Путинге конституцияның 20 жылдығына орай берілетін рақымшылық жоспарын тапсырды.
«Поштасы бұзылғандар әртүрлі жорамал айтты» - Бірқатар белсенділер мен құқық қорғаушылар электрондық пошталары бұзылғанын хабарлады. Олардың арасында мұндай оқиғаға бұрын тап болған азаматтар да бар.
ABAI.KZ. «Қазақ көші: сыры мен шыны» - Ұлтсыздандыру саясаты – қазақ жерінде адам шошырлық дәрежеде іске асып жатыр. Атап айтсақ, тәннің ұлтсыздануынан тартып жер мен байлықтың, билік пен білімнің, дін мен тілдің, тіптен ақша мен Астана қаласының бейнесінің ұлтсыздануына дейін тізіп айтуға болады.
«Сирия “спектаклінің” ақиқатқа жақын үш себебі» - Бірнеше жылдан бері созылмалы ауруға айналған «Араб көктемі» десе болады. Бұл, әрине, жалғыз ғана мысал емес. Соғыс ашудың мұндай түрі несімен ерекшеленеді? Айталық. Бұны тіпті өзінше бір саяси спектакль десе болардай.
SERKE.ORG «Сирия Кеден одағына кіруге құштар болып жатыр» - «Сирия үкіметінің вице-премьері Кадри Джамиль сұхбат барысында Дамаскінің ресми түрде елдің Кеден одағына қосылуы бойынша келіссөздер жүргізіп жатқанын растады»,- деп хабарлады pravda.ru. басылымы.
AIKYN.KZ «Қарулы Күштеріміздің қауқары қандай?» - Қазақстан Қарулы Күштерінің қауқары қандай? Қорғанысымызды қамтамасыз етеді деген әскеріміздің әлеуеті нешік? Бұл сауал кім-кімді де мазаламай қоймайды. Бір анығы, соңғы жылдары бұл салада саннан сапаға көшу басталды.
JASQAZAQ.KZ. «Тұсауды қайшымен кеспейді» - Қазір тұсауды қайшымен кесіп жүр. Бұл дұрыс емес, өйткені баланың өмірі қайшыланып қалады. Сол себепті қазақ тұсауды өткір пышақпен шорт кеседі. Бұған да мән беріп қарайтын кез келді.
NUR.KZ. «"Сочи-2014" Қысқы олимпиадасында Қазақстан кем дегенде екі медаль жеңіп алуға үмітті» - Сочи-2014" Қысқы олимпиадасында Қазақстан кем дегенде екі медаль жеңіп алуға үмітті.