Атырау, 19 мамыр 18:35
 дождьВ Атырау +26
$ 467.58
€ 543.66
₽ 6.44

Құрбан айт намазының уақыты белгіленді

111 рет қаралды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2026 жылғы Құрбан айт мерекесіне арналған айт намазының кестесін жариялады.

Айт намазы биыл 27 мамырға сәйкес келеді.

Кестеге сәйкес, Астана, Алматы және Шымкент қалаларында айт намазы сағат 6:00-де оқылады. Сондай-ақ дәл осы уақытта намаз Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарында өтеді. Ал Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды және Маңғыстау облыстарында айт намазы сағат 6:30-да басталады.

Кұрбан айт — ислам дініндегі ең ұлық әрі қасиетті мерекелердің бірі. Бұл күні мұсылман қауымы таң ата мешіттерде айт намазын оқып, бір-бірін құттықтайды. Мереке күндері ағайын-туыстың үйіне барып, амандық-саулық сұрасу, ренжіскен адамдармен татуласу — бұл күннің басты сауапты амалдарынан саналады.

Сонымен қатар Кұрбан айт — мейірімділік пен ынтымақтың мейрамы. Мұсылмандар шама-шарқына қарай құрбандық шалып, оның етін мұқтаж жандарға, көпбалалы отбасылар мен көмекке мұқтаж көршілерге таратады. Бұл күн игі істер жасауға, жетім-жесірлерге қол ұшын созып, айналаға қуаныш сыйлауға бағытталған ерекше берекелі кезең.

Бүгін, 17:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.