Атырау, 19 мамыр 13:58
 дождьВ Атырау +22.3
$ 467.58
€ 543.66
₽ 6.44

​Атырауда жаңа технологиялар енгізіледі: терминалдар мен аэротакси

58 рет қаралды

Қазақстанда азаматтық авиация саласында ауқымды жобалар іске асырылуда. Үкімет отырысында Нұрлан Сауранбаев елде жаңа сегмент — қалалық аэротакси пайда болатынын мәлімдеді.

Аэротакси: 

Отандық компаниялар сынақ үшін пилотсыз ұшатын аппараттарды сатып ала бастады. Сонымен қатар арнайы қону алаңдары мен бірыңғай үйлестіру орталығының құрылысы жүріп жатыр.

Жолаушыларға арналған жаңалықтар: 

Әуежайларда Q-Gate цифрлық жүйесі кеңейтіліп, бақылаудан өту уақыты 3 минуттан небәрі 50 секундқа дейін қысқарады. Астана мен Алматыдағы 16 терминалға қосымша биыл Шымкент, Атырау, Ақтөбе және Ақтауда тағы 16 терминал іске қосылады. Алғашқы пилоттық жоба ретінде Астана – Шымкент бағытына биометрия енгізіледі.

Жүк тасымалы:

e-Freight ақпараттық жүйесі құжат айналымын толық электронды форматқа көшіреді. Бұл авиажүктерді өңдеу уақытын бір күннен бір сағатқа дейін қысқартуға мүмкіндік береді.

Жаңа технологиялық шешімдер Атырау мен басқа өңірлердің әуе инфрақұрылымын түбегейлі өзгертпек.

Бүгін, 12:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.